Мен туралы Қызметтер Портфолио Жұмыс барысы Байланыс

Кітап жасау қызметі —
идеядан жарық көрген
кітапқа дейін

Толық қызмет: идеяны қалыптастырудан бастап кітапты жариялауға дейін.

Жобаны талқылау

Мен туралы

Менің атым — Рабиға Ысқақбай. Кітаптарды аудару және оларды толық цикл бойынша жарыққа шығару ісімен айналысамын.

Негізгі бағытым — кітаптарды ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аудару, сондай-ақ басылымның барлық кезеңін толық сүйемелдеу. Авторлармен және құқық иеленушілермен келіссөз жүргізуден бастап, кітапты баспаға толық әзірлеп, жарыққа шығаруға дейінгі процесті ұйымдастырамын.

Авторлық құқық саласындағы 20 жылдан астам тәжірибемнің арқасында баспа құқықтарын рәсімдеу, халықаралық келіссөздер жүргізу және барлық құқықтық рәсімдердің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз етемін.

Мақсатым — баспалар мен авторларға қазақ тіліндегі сапалы кітаптарды жарыққа шығаруға қолдау көрсету және әлемдік әдебиетті қазақтілді оқырманға жақын әрі қолжетімді ету.

Сонымен қатар, орыс тіліндегі мәтіндер мен кітаптарды рерайтинг жасау, әдеби редакциялау және мазмұнын жетілдіру қызметтерін де ұсынамын.

Қызметтер

Кітапты жасаудың толық циклі — алғашқы идеядан бастап дайын басылымға дейін.

1

Кітап аудармасы

Кітаптарды орыс және ағылшын тілдерінен қазақ тіліне автордың стилі мен шығарманың мазмұнын сақтай отырып кәсіби аудару.

2

Мәтін жазу және қайта өңдеу

Түпнұсқа мәтіндер жазу, сондай-ақ қолданыстағы материалдарды кәсіби түрде өңдеу және жетілдіру.

3

Редакциялау және корректура

Мәтінге әдеби редакция жасау, стилистикалық өңдеу және орфографиялық-пунктуациялық түзету жұмыстарын жүргізу.

4

Дизайн және беттеу

Кітап мұқабасын әзірлеу, ішкі бетін беттеу, қаріптер мен иллюстрацияларды таңдау.

5

Баспаға дайындау

Файлдарды баспахана талаптарына сәйкес техникалық дайындау немесе электрондық форматта жариялауға әзірлеу.

6

ISBN алу

Кітапқа халықаралық стандартты ISBN нөмірін рәсімдеу және алу. Бұл нөмір кітапты ресми түрде басып шығару және тарату үшін қажет.

Портфолио

Орындалған жұмыстардың үлгілері

Жұмыс барысы

1

Консультация

Болашақ кітабыңыздың идеясы, мақсаты және форматы туралы талқылаймыз.

2

Жоспарлау

Кітаптың құрылымын әзірлеп, стилі мен жұмыс жоспарын анықтаймыз.

3

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді жазып, редакциялап, әр бөлімді мұқият жетілдіреміз.

4

Рәсімдеу

Мұқаба дизайнын әзірлеп, беттеу жұмыстарын жүргізіп, баспа макетін дайындаймыз.

5

Дайын кітап

Басып шығаруға немесе жариялауға дайын файлдарды тапсырамыз.